ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, анықталған факті бойынша, атап айтқанда Темір жол көлігінде жолаушыларды, жүктерді, қол жүктерді тасымалдау ережесін бұзғаны үшін пойыз бригадасының жұмысшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2012 жылғы 10 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметін оңтайландыру және рұқсат құжаттарын қысқарту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, көліктік бақылау органдары прокуратура органдарында тіркелмей-ақ, темір жол көлігінде жолаушыларды, жүктерді, қол жүктерді тасымалдау ережесінің сақталуына тексеру жүргізе алады.
Жазғы мезгілде жолаушыларды тасымалдау бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы мен анықталған ереже талаптарын орындамау фактілері ағымдағы жылдың қыркүйек айында Министрлікте барлық тасымалдаушылардың қатысуымен қаралатын болады.