Кездесу басында А.Дүйсебаев өз әріптесіне республикадағы алдағы уақытта көлік саласында іске асырылатын негізгі инфрақұрылымдық жобалар туралы ақпарат берді.
Темір жол көлігі саласында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарына сәйкес 2015-2019 жылдары ұзақтығы 988 шақырымды құрайтын Бейнеу - Жезқазған жаңа темір жол желісін салу жоспарлануда. Жобаның мақсаты - қашықтықты 1200 шақырымға қысқарта отырып, Қазақстанның Орталық өңірлеріне және Достық стансасынан еліміздің Батыс өңірлеріне жүктердің тікелей тасымалын құру болып табылады. Жол өтетін ең тиімді екі учаске ретінде Бейнеу - Шалқар және Сексеуіл - Жезқазған таңдалды. Қазіргі уақытта қаржыландыру көздері қарастырылуда.
2016-2020 жылдары Қазақстанда Алматы - Ақтоғай, Достық - Ақтоғай, Ақтоғай - Мойынты, Мақат - Қандыағаш секілді теміржол тораптарын электрлендіруді іске асыру жоспарлануда.
Одан кейін А.Дүйсебаев автомобиль жолдары саласындағы жобалармен таныстырды:
Өз кезегінде, Колумбия көлік министрінің орынбасары Мария Констанса Гарсия Ботеро өз елінің экономикасы туралы толық баяндап, темір жол және автомобиль жолдары саласында колумбиялық кәсіпкерлердің қатысуымен қазақстандық жобаларды, соның ішінде, концессиялық жобаларды, жүзеге асыруға ынтымақтасу жөнінде қызығушылық танытты.
Тараптар ақпараттармен өзара алмасу, Колумбия кәсіпкерлерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және көлік саласында меморандум дайындауға келісті. Қорытындылай келе, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі А. Дүйсебаев бүгінгі кездесу көлік саласындағы екі мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға жаңа оң серпін беретініне сенімін білдірді.