АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың төрағалығымен теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің қорытындысы шығарылып,
хаттамаға қол қойылады. Бұл ақпаратты аталған министрліктің баспасөз қызметі таратып отыр.
«Отырыс барысында Алтынкөл (Қазақстан) және Хоргос (Қытай) стансылары аумағында Қазақстан мен Қытай теміржолдары арасындағы екінші теміржол өтпесін орнату, Достық-Алашаңқай кеден өтпесі арқылы жүк тасымалының болжамды көлемі, екі ел арасындағы теміржол көлігінің жүк, контейнер тасымалын дамыту мәселелері талқыланады», делінген баспасөз хабарламасында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.