ҚР колонияларындағы төтенше жағдайлар толқынының себебін ең алдымен, сотталғандарды ұстау жағдайларынан іздеу қажет - ҚАЖК өкілі

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - ҚР Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықта республика колонияларындағы заңға қайшы іс-әрекеттердің себебін тек теріс пиғылды азаматтар тарапынан ғана емес, оларды ұстаудың қанағаттанарлықсыз жағдайы мен ҚАЖ қызметкерлерінің біліктілігінің төмендігінен де болып отыр, деп хабарлады орталықтың ресми өкілі Ришат Рахымов.

ҚазАқпарат тілшісімен әңгімесінде Р.Рахымов үстіміздегі жылдың соңғы үш айында отандық пенитенциарлық жүйесінде бірнеше төтенше оқиғалар орын алды.

Оның айтуынша, қоғамдық сілкініс тудырған жағымсыз оқиғалар өзінің ауқымдылығы мен қайғылы зардаптарымен қоғамның назарын аударып отыр, қазіргі уақытта осы фактілер бойынша егжей-тегжейлі тексерістер жүргізіліп жатыр.

Р.Рахымовтың пікірінше, республика колонияларындағы заңға қайшы іс-әрекеттердің себебін тек теріс пиғылды азаматтар тарапынан ғана емес, оларды ұстаудың қанағаттанарлықсыз жағдайы мен ҚАЖ қызметкерлерінің біліктілігінің төмендігінен де іздеу керек.