ҚР Конституциялық кеңесі ҚР Премьерінің жолдауын қарауға қабылдады

АСТАНА. Қазанның 7-сі. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқық нормалары негізінде құрылған халықаралық ұйымдар шешімдерінің құқықтық мәртебесіне, атап айтқанда Кедендік одақ құру жөніндегі келісімдерге қатысты Конституцияның 4-бабының нормаларын ресми түсіндіру жөніндегі жолдауын қарауға қабылдады,

деп хабарлайды Конституциялық кеңестің  баспасөз қызметі.

Осы жолдау бойынша Конституциялық кеңестің отырысы өткізілетін күн қосымша хабарланады.