ҚР Қорғаныс министрі Алматыдағы «Талес Қазақстан Инжиниринг» зауытынының ашылуында болды

МАТЫ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бұл кәсіпорын Француз иновациясының және өндіріс орындарының Қазақстанға етене енуіндегі негіз болып табылады.

Бұл жайында Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков радио байланыс құралдарын жасайтын «Талес Қазақстан Инжиниринг» зауытының салтанатты ашылу рәсімі кезінде айтты.

Министр «Қазақстан инжениринг» пен француздық «Талес» компанияларының бірлесе іске асыруға бағытталған жобаларының ашылуымен құттықтай келе бұл жобаның Қазақстанның Қарулы күштерімен қатар барлық саласына өте қажетті екендігін жеткізді. «Бұл еліміздің машина жасау саласына және экономика, транспорттық технологиясына да өз септігін тигізеді. Жобаның іске асуы екі мемлекеттің басшыларының кездесуінен кейін, яғни екі ел арасындағы достық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімдерінің тәжірибе жүзінде жүзеге асуының алғы шарты»,-деді ҚР Қорғаныс министрі.

Француздың «Талес» компаниясы әскери және азаматтық мақсаттағы жоғары технологиялы электронды жүйені жасауда және шығаруда әлемде алдыңғы қатарда.