Басты мақсат бөлімшелердің арналым бойынша тапсырмаларды орындаудағы қабілеттерін тексеру болды.
Толықтай жауынгерлік дайындыққа келтірілгеннен кейін бөлімше белгіленген аудандарға марш жасап, ол жерде қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлермен әртүрлі шешімдер қабылданды.
Тексеріс барысында жеке құрамның шаттық қару-жарақтармен іс-қимылдарына, тәжірибелік оқ атуларды орындалуына, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды.
Тексеру нәтижелері бойынша Қорғаныс министрі жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.