ҚР Қорғаныс министрі мен Әділет министрінің орынбасарлары тағайындалды

Фото: None
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен ҚР Қорғаныс министрі мен Әділет министрінің орынбасарлары тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне;

Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.