ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов ресми сапармен Әзербайжанға барды

БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов ресми сапармен Әзербайжанға барды.

Айта кетейік, бұл С.Ахметовтің жаңа қызметіндегі шетелге алғашқы ресми сапары.

Сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған топ Әзербайжан Республикасының премьер-министрі А.Расизадемен, қорғаныс министрі Закир Гасановпен, қорғаныс өнеркәсібі министрі Явер Жамаловпен кездеседі, деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі қарулы күштер әскери академиясы мен Гейдар Алиев атындағы Жоғары әскери училищеге және басқа да нысандарға барады, деп күтілуде.