Аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Қорғаныс министрі Талдықорғандағы десантшы-жауынгерлердің инфрақұрылымымен танысып, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің секіру жұмыстарына әзірленіп жатқан әуе-десантшыларымен жүздесті. Сондай-ақ ол көктемде әскерге шақырылып, бұдан бір апта бұрын ант қабылдап, бөлімнің әскери плацында дайындалып жүрген сарбаздармен әңгімелесті.
Бұл бригаданың ТМД елдері шеңберінде үздіктер қатарынан табылып Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатарына қосылғанын айтып өткен жөн.
Қорғаныс министрі жұмыс сапары шеңберінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің жақын күндері Тәжікстанда өтетін бірлескен «Бейбіт миссия-2012» антитеррорлық жаттығуына қатысатын десантшы-жауынгерлермен кездесіп, оларға табыс тіледі.
Авиабазада Әділбек Жақсыбеков жауынгерлік кезекшілікте тұрған авиациялық техникалармен танысып, әскери аэродромның күрделі жөндеуін жеке өз бақылауына алды.
Алматы гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы футболдан «ЦСКА» мен «Бәйтерек» командаларының арасындағы ҚР біріншілігінің тұсауын кесті. Бұл Қазақстан біріншілігінің 1 лигасындағы екінші тур ойыны. Армияшылар бұл ойында астаналық командаға қарсы тұра білді. Ойын ҚР ҚМ АОСК Оқу-жаттығу орталығының күрделі жөндеу жасалған стадионында өткізілді.
Бұл спорт аренасы армиялық спорттың 700 көрермені мен жанкүйерін қабылдай алады. Стадионда футбол-регби алаңы және жеңіл атлеттерге арналған жол бар. Жүгіру жолының ұзындығы 400 метрді құрайды.