ҚР Қорғаныс министрінің басшылығымен жергілікті басқару органдарының аймақтық қорғаныс құралымдарын тарту арқылы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қзыметінен.
Бүгін таңғы 6.00-де аталған төрт қорғаныс істері жөніндегі департаменттің 3000-нан астам әскери қызметшісі мен әскери міндеттілер тиісті жауынгерлік даярлық деңгейіне келтірілді. Облыстың басқа күштік құрылымдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылып, әскери міндеттілерді жинау үшін хабарлама тарататын орындар мен пункттер өрістетілді. Қазір өкімге сәйкес жұмыстар жалғасын табуда.
Тексерудің негізгі мақсаты өңірлерде аймақтық қорғанысты ұйымдастыру мәселесі жөніндегі істердің шынайы жай-күйін бағалау болып табылады.
Аталған тексеру барысында жергілікті әскери басқару органдарын жұмылдыру кезеңіне көшіру, хабарландыру, жинау, аймақтық қорғаныс құралымдарын жасақтау үшін жұмылдыру ресурстарын жеткізу және оларды жан-жақты қамтамасыз ету іс-шаралары өткізіледі.