ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Жәлелұлы Майкеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды.

Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

1959 жылғы 9 қарашада Ақтөбе қаласында туған.

1980 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген, ал 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдады.

Әскери қызметін мотоатқыштар полкінде мотоатқыштар взводы командирлігінен бастады. 1983-1987 ж. - мотоатқыштар ротасының командирі. 1987-1991 ж. Штаб бастығы - командирдің орынбасары, мотоатқыштар батальонының командирі. 1994-1998 ж. Батальон командирі лауазымынан бригада командирінің орынбасары, ҚР Республикалық Ұланның полк командиріне дейін өсті. 1998-2002 ж. - командирдің орынбасары, мотоатқыштар дивизиясының командирі. 2002-2003 ж. - ҚР ҚМ Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығы. 2003-2009 ж. - ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы. 2009-2010 ж. - ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары. 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы болды.

3 дәрежелі «Отанға қызметі үшін», 2 дәрежелі «Айбын» ордендерімен және медальдармен марапатталған.