Тіркеу жергілікті атқару органдары арқылы қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда жүзеге асырылады. Олардың шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия құрылады.
ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде түсіндіргендей, тіркеуге алу азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, білім деңгейі мен дене даярлығын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін ұйымдастырылып, өткізіледі.
Медициналық куәландырудан өту барысында денсаулық жағдайы бойынша шамалы шектеулер анықталған бозбалаларға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі. Ол жерде жеткіншектер денсаулықтарын қалпына келтіре алады.