Әскери қызметшінің қайтыс болуына байланысты 29011 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бағдат Мыңбаев марқұмның туыстарына көңіл айтып, тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.
Бұған дейін БАҚ-та теңізші Ақтаудағы кемеде өлі табылғандығы туралы хабарланған болатын. Қайғылы оқиға Жаңа жыл түнінде «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кемесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұмның жасы -18-де. Оны жеке құрамның гальюнінде (кеме әжетханасы) белбеуіне асылып қалған.