ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін 2010 жылы да тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырады

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін  2010 жылы да тұрғын үй құрылысының және баспаналарды күрделі жөндеу жұмыстарының қарқынын артыратын болады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2010 жылы Астанада әскери қызметшілер үшін шағын отбасылық  үлгідегі үш жатақхана, Ақтауда, Семейде, Жаңа Ахмирово (Шығыс Қазақстан облысы) қалаларында екі жатақханадан пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар Алматы, Арыс, Ақтөбе, Қарағанды  горнизондарының әскери қызметкерлері де баспанамен қамтамасыз етіледі.  «Қазір министрлік озық елдердің тәжірибесі бойынша әскери қалашықтарды типтеу бойынша кешенді шараларға дайындықты жүзеге асырып жатыр. Ол үшін болашақта әскери қалашықтардың барлығын әлеуметік-мәдени нысандармен жабдықталған базаларға айналдыру мақсат етіліп отыр. Онда әскери қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалатын болады», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.