ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдығына имидждік роликтер шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу күндері ҚР Қарулы Күштері даңқты әскери дәстүрді құрметтеп, салтанатты және мерекелік іс-шараларды өткізуде. Әскери бөлімдерде концерттер, театрландырылған қойылымдар, шерулер өтеді.

ҚР Қорғаныс министрілігінен хабарлағандай, қазақстандық армиядағы іс-шара бүгін кешке бастау алады. ҚР ҚК десантшы әскери қызметшілері мен әскери полицейлер Астанадағы жаңа мұз айдыны сарайында көз тартарлық және ауқымды флешмобқа қатысады. Онда бұрын-соңды болмаған театрландырылған қойылым өткізіледі.

Одан басқа, атаулы күнге дейінгі бірнеше апта бұрын ҚР ҚК барлық гарнизондарында, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарында әскери қызметшілердің жоғары патриотизмі мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсеткен патриоттық акциялар өтті.

Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанда алғаш рет республиканың барлық мектептері мен колледждерінде «Ерлік сабақтары» өтті. Сабақтарды 1 300 әскери қызметші, яғни, оқу жылының бірінші күнінде Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ҚР ҚК генералдары, офицерлері және сержанттары өткізді. Оқушыларға еліміздің тарихы, атаулы күндер, Отан қорғаушысының кейпін қалыптастыру туралы әңгімелеп берді. Бұл ерлік сабақтарына мазмұнды ғана емес, сонымен бірге білім беру мән-мағынасын берді. Ол уақыт талабына сай және патриоттық тәрбие берудің кең қызметіне ие.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін ҚР Қарулы Күштерінде осы датаға орайластырылған дөңгелек үстелдер, оқу-жаттығулар мен конференциялар өтеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Қорғаныс министрлігі арнайы имидждік бейнероликтер жасады. Онда армияның құрылуы мен дамуы, Отан қорғаушы батыр жауынгерлер көрсетілген.