19:07, 04 Мамыр 2009
ҚР Қорғаныс министрлігінде АҚШ көліктік қолбасшылығы басшысымен кездесу өтті
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысының орынбасары генерал-лейтенант Болат Сембинов Америка Құрама Штаттары Көліктік қолбасшылығының қолбасшысы генерал Дункан МакНабпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік қолбасшылығы АҚШ Қорғаныс министрлігінің авиациялық, жерүсті және теңіз көліктерін басқаратын бірден-бір құрылым. Ал Қазақстан АҚШ-пен қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықтың бесжылдық жоспарын жасасқан аймақтағы бірден-бір мемлекет. Бұл жоспарда ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін дамыту, әскери білім берудің қазақстандық жүйесін жетілдіру және өзара жаттығуларға қатысу сияқты маңызды бағыттар көзделген. - Алғашқы жоспарды жүзеге асыру 2008 жылы ойдағыдай аяқталды, - деп атап көрсетті генерал-лейтенант Болат Сембинов. ? Биылғы ақпанда 2008-2012 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойдық. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан бір мақсатты ? ҚР мен АҚШ арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайтуды және әскери әріптестікті кеңейтуді көздейді, деп атап көрсетті.