ҚР Қорғаныс министрлігінде заманауи әскери техника шығаратын қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнын құру мәселесі талқыланды

None
АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков «Sagem Defense Security» компаниясының президенті Жан-Лен Фурнеромен кездесті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Франция арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың ішінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастық та ерекше орын алады», - деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Келіссөздер барысында Қазақстанда заманауи әскери техникалар шығаратын біріккен кәсіпорындар салу мәселесі егжей-тегжейлі талқыланып, ынтымақтастықтың таяудағы келешегі белгіленді.