«Осы кезде қаланың сол жағалауындағы кейбір нысандарға электр қуатын беру жұмыстары қалпына келтірілді. Осыдан шаммен 1 сағат бұрын Ұлттық кітапхана мен «Бәйтерек» монументі және «Изумрудный квартал» бизнес орталығына жарық берілді»,-делінген хабарламада.
Осы уақытта «Керуен» сауда ойын-сауық орталығына электр энергиясын беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір сағат көлемінде электрмен қамтамасыз етуді шектеу шаралары алынып тастайды.