Күн тәртібіне сәйкес Қарулы Күштердің сапа көрсеткіштеріне байланысты бірқатар мәселелер қаралды. Қатысушылар әскери тәртіп пен құқық қорғау жағдайын, сондай-ақ Қарулы Күштер инфрақұрылымының қысқа әзірлігін талқылады.
- Қорғаныс министрлігі қызметіндегі ұйымдастыру мәселелеріне ел басшылығы баса назар аударып келеді. Қарулы Күштердің өмір тынысындағы барлық бағыттар бойынша ұзақ мерзімге стратегиялық шешімдер қабылдануда, деп атап өтті өз сөзінде Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. - Осыған байланысты Әскери доктринаға сәйкес, сондай-ақ мемлекет Басшысының нұсқауымен өткізілген шаралар бізден, Қарулы Күштерде келешекте жауынгерлік әзірлік деңгейін көтеру үшін жүйелі талдау жасауды және тиімді шара қабылдауымызды талап етеді.
Күн тәртібіндегі - Қарулы Күштер инфрақұрылымының қысқы кезеңге әзірлігі туралы екінші мәселе де маңызды болды.
Инфрақұрылымды қыс кезеңіне әзірлеу кезінде басты басымдылық коммуналдық нысандар мен инженерлік желілерді жөндеу, энерготехникалық жабдықтардың, материалдардың, отынның мол қорын жасау, қызмет көрсету қызметкерлерін әзірлеу, еңбекке қажетті жағдай тудыру және техникалық қауіпсіздікті сақтау сияқты кешенді шараларды жүзеге асыру болып саналады,
Алқа отырысына қатысушылардың және барша әскерилердің белсенді іс-қимылы ғана қойылған тапсырмалардың орындалуының оң қорытындысын шығаруға және Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға септігін тигізеріне сенімдімін, - деді Әділбек Жақсыбеков.