ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі Жеңістің 70 жылдығына орай концерт ұйымдастырды (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясындағы шараларды жалғастыруда.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге орай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында концерт өткізді.

Сахнада әскери тақырыптағы музыкалық композициялар шырқалды. Салтанатты шараға соғыс ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, қаланың студент жастары мен мектеп оқушылары қатысты.