ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайты 7 жылдан астам қызмет етуде. Алайда, «жаңа бағытқа» ол бір жыл бұрын көшті. Осы жылдың наурызында қайта өңделіп, оның интерфейсі толығымен өзгеріске ұшырады. Қолданыстағы бөлімдер мен сайттың функциясы жаңартылды, тың жаңалық енгізілді. ҚР ҚМ жұртшылық қызметін жариялау үшін арналған әр түрлі бөлімдер, ҚР Қарулы Күштерінің әскер түрлерінің кіші сайттары пайда болды. Электрондық өтініштерді қабылдау бөлімі құрылды. Осынау барлық атқарылған жұмыстың жемісі ретінде сайтқа кіру 30 ретке еселене түсті, егер 2014 жылы сайтқа кірудің орташа есебі айына 900 сеансты құраса, қазіргі сәтте 29 000 сеансты құрайды. Пайдаланушылардың баға беруі бойынша жарияланымның сапасы елеулі жақсарды. Күн сайын сайтқа 3-тен аса бірегей ақпараттық баспасөз релизі, сұхбат, бейнесюжет, фоторепортаж және т.б. шығады. Жүлденің ерекшелігі бұл байқаудағы бірінші кезеңде үздіктерді қазақстандық сараптау тобы анықтайды. Оған сайттарды әзірлеу және ілгерілету аясындағы мамандар кіреді. Екінші кезеңде халықаралық сарапшылардан құралған кәсіби әділқазылар алқасы.
AWARD.kz ұлттық ғаламтор жүлдесі Қазнет веб-сайттарының байқауы болып табылатынын айта кетейік. Онда еліміздің ең сапалы, қызықты, пайдалы және көркем сайттарын айқындайды және оларға Ұлттық ғаламтор жүлдесінің құрмет марапаттарын табыс етеді. Жыл сайын 13 жыл бойы өтуде.