ҚР Қорғаныс министрлігінің жауапты лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігінің жауапты лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2009 жылғы маусымның 9-ында ҚР Бас прокуратурасының тергеу тобы ҚР Қорғаныс министрлігі құрылыс және пәтер бөлу Бас басқармасының бастығы полковник А.Оразалиновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша «Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемденіп кеткені және талан-таражға салғаны үшін» қылмыстық іс қозғады. А.Оразалинов сол күні ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-бабы бойынша ұсталды. Ағымдағы жылғы маусымның 11-інде оған айып тағылды және Алматы гарнизоны әскери сотының санкциясымен тұтқындау шарасы қолданылды.