Ерлан Нысанбаев 1961 жылғы 11 тамызында Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады.
Орман шаруашылығы инженері, қаржы саласының маманы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1983 жылдың қыркүйек айында Алматы облысындағы орман шаруашылығының шебері ретінде бастады.
2006 жылдан 2009 жылға дейін «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның Бас директоры қызметін атқарды.
2009 жылдан ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалғанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы болған.
«Астанаға 10-жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.