АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - 11 желтоқсанда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.
Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның басты назарында жобалар бойынша есептер қабылдау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында халықаралық табиғатты қорғау конвенциясының іске асырылу мәселелері, сонымен қатар 2014 жылға арналған Кеңестің жұмыс жоспары болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.