ҚР құрамасы Калгариде Әлем кубогы кезеңінің командалық спринтінде бесінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канададағы Калгариде конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем кубогының кезеңі жалғасуда, деп хабарлады Sports.kz.

Ерлер арасындағы командалық спринтте жеңіс голландиялықтарға бұйырды, екінші орында америкалықтар, үшінші - ресейліктер.

Қазақстандықтар алдына жапондықтарды өткізіп, бесінші орынға тұрақтады. Қазақстан құрамасының құрамында Александр Жигин, Федор Мезенцев және Денис Кузин бар.

Конькимен жүгіру спорты. Әлем кубогы. Бірінші кезең. Калгари (Канада),

Ерлер. Командалық спринт.

1. Нидерланды - 1:18.79

2. АҚШ - 0.60

3. Ресей - 0.81

5. Қазақстан - 2.51.