жаңа өмір бастауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйе комитетінің баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.
Қылмыстық атқару жүйе комитетінің ресми өкілі Самал Ғадылбекованың айтуынша, пенитенциарлық жүйедегі барлық түзету мекемелерінде қазіргі таңда орташа деңгейдегі қылмыс жасап, өз жазаларын өтеп жатқан бірнеше ондаған адамдарды бостандыққа жіберуге қатысты жұмыстар белсенді түрде атқарылып жатыр.
Мысалға, өткен демалыс күндері Алматы облысындағы түзету мекемелерінен 34 адам, соның ішінде қатаң режимдегі колониядан 27 жазасын өтеуші және жалпы режимдегі мекемеден 7 адам босап шықты.
Ағымдағы аптада Қызылорда облысынан 10 адам абақтыдан шығады. Осы өңір бойынша тағы 15 адамның құжаттамасы қаралып жатыр.