ҚР мәдени саясатының тұжырымдамасы кеңінен талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай еліміздің Мәдениет министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасы мәдени саясатының тұжырымдамасы кеңінен талқыға түсуде.

«Тұжырымдамада тұтынушылармен жұмыс істеуге, біздің мәдениетіміздің барша әлемге танымалдығын арттыру үшін халықаралық нарыққа шығаруға басымдық берілген. Бұл тұрғыдан алып қарағанда әрбір өңірдің маңыздылығы зор және біз әрбір өңір мәдениетті дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз», - дейді тұжырымдама жобасын таныстырған ҚР Мәдениет министрлігі Сараптама және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары Виктор Родионов.

Оның атап өтуінше, мәдени саясаттың қағидаттары мен тәсілдерін іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезең 2015-2019 жылдарды қамтыса, келесі кезең - 2020-2030 жылдар аралығы. Ал үшінші кезең 2030-2050 жылдар аралығын қамтиды.

Тұжырымдама жобасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің қарауына енгізіледі.