«Жазушылар одағын Алматыдан Астанаға көшіру жоспары бар ма?» деген сауалға министр: «Қазіргі уақытта міндетті түрде шығармашылық орталықтарды немесе ұжымдарды басқа өңірлерден Астана қаласына көшіру керек деген нақты ұстаным жоқ. Ең дұрысы - біз Астанадан жаңадан салуымыз керек. Яғни, өзге аймақтардан бүкіл ұжымдарды жауып, тек қана елордада ашу дұрыс емес», - деп жауап қайтарды.
Ведомство басшысының пайымынша, өңірлердегі жетістіктер сол жерлерде қалуы керек. Керісінше, аймақтардағы орталықтарды дамытуға қолдау жасау қажет.
«Жазушылар одағының Алматыда өзінің шығармашылық ортасы бар. Оны қазіргі кезде жауып, Астанаға көшірген ол да дұрыс емес. Бірақ келешекте де сондай шығармашылық орталықтарды міндетті түрде Астана қаласында салып, ашуымыз керек. Біздің мақсатымыз - мәдениетті тек қана бір өңірде шоғырландыру емес, мәдени құндылықтарды кеңінен барлық өңірде бірдей тарату», - деп түйді министр.