ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ОҚО-да ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Шымкент түбінде әскери-көлік ұшағы апаты салдарынан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтты.

«2012 жылғы 25 желтоқсан күні Шымкент қаласы маңында Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі басшылығы әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына өзімнің, Қазақстанның мәдениет пен өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат қызметкерлері, барша зиялы қауым атынан қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын», - деп атап өтті Дархан Мыңбай өзінің блогында.