жобасын ұсынды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметінен.
Тұсаукесер Парламент депутаты Алдан Смайылдың басқаруындағы жұмыс тобының отырысы аясында өтті.
Отырыста атап өтілгендей, соңғы бес жылда республикада Президент тапсырмасы бойынша ономастикалық жұмыстарды өткізудің уақытша мораторийі жұмыс істеуде. Оған қарамастан, 2008-2010 жылдары республиканың 7 ауданының, 195 елді мекенінің және 38 ауылдық округінің атаулары өзгерді.
Әзірлеушілердің пікірінше, ономастикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі құқықтық олқылықтарды жою, айқындық және ынтымақты жауапкершілік принциптерін енгізудің қажеттілігі туындады. Заң жобасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» заңдарына түзетулер енгізуді қарастырады.