ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің оқу орындарында мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы
№261 2015 жылғы 30 шілде, Астана қаласы
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің оқу орындарында бөлу туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңының 7-бабының 23-6) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 Қазақстан Республикасының Қаулысын іске асыру мақсатында, бұйырамын:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.
2. Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң 10 жұмыс куні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2 тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы бойынша ақпаратты ұсыну.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А.Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Д.Болатханұлы