«Қазақстан Машина жасаушылар одағы Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдайды. Өзіміздің қатарда еліміздің ірі машина жасау кәсіпорындары мен ауқымды еңбек ресурстарын біріктіре отырып, біз «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында қарастырылған шаралар кешеніне толықтай қолдау білдіреміз. Біздің ойымызша, бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің ең басты мақсатын орындады, яғни дағдарысқа қарсы бағдарламаны енгізу үшін және қоғам өмірін жақсартудағы ауқымды реформалар жүргізуде заңнамалық базаны құрды»,-деп тоқталды М. Пішембаев.
Оның пікірінше, мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау реформаларды жүзеге асырудың ең бастапқы кезеңінде саяси партиялардың сенімге ие болуы үшін, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларды енгізу бойынша өздерінің тиімді іс-қимылдарын көрсету тұрғысында мүмкіндік болып отыр.