Министрдің атап өтуінше, Төтенше жағдайлар мен Денсаулық сақтау министрлігі органдарының өткен жылы жүргізген тексерулерін талдау олардың барлығында да бақылау-қадағалау қызметіне тән жүйелік бұзушылықтар анықталған.
«Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңға тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерді жоспарлы тексерулермен толық қамту, қалдық қағидаты бойынша тәуекел дәрежесі орташа субъектілерді жоспарлау, тәуекел дәрежесі төмен субъектілерге қатысты жоспарлы тексерулерден бас тарту, талаптарды тексеру парағына енгізген кезде ең аз жеткізіліктілік қағидатын іске асыру қажеттілігі бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылып отыр», - деді ол.
Б.Жәмішевтің сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметін жетілдірудің келесі бағыты Тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру болмақ.