ҚР Мемлекеттік хатшысы әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлерімен кездесіп, оларға Президент стипендиясын тапсырды

None
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлерімен кездесіп, оларға Президент стипендиясын тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы жылы Президент стипендиясын алған 50 адамның ішінде жазушылар Г.Бельгер, Қ.Мырзалиев, Ш.Мұртаза, Ә.Нұршайықов, И.Щеголихин, әртістер А.Әшімов, Р.Бағланова, Ш.Қажығалиев, А.Молодов, Ю.Померанцев, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, суретші Г.Ысмайлова, мүсінші Х.Наурызбаев, кинорежиссер О.Әбішев және басқалар бар.Кездесуде ұлттық мәдениеттің ұлағатты ақсақалдары ел Президентіне деген өздерінің жүрекжарды ризашылықтарын жеткізіп, оның елдегі бейбітшілік пен береке-бірлікті сақтау жолында жүргізіп келе жатқан орасан зор еңбегін, адамдарға деген шынайы қамқорлығын атап өтті.«Елімізде әлеуметтік-тұрмыстық саладағы өрлеу мен өркендеу күн өткен сайын байқалады. Мұны бүгінгі өмірден айқын көріп отырмыз. Осының арқасында Отанымызда ұлтаралық келісім мен татулық, бірлік пен береке, ынтымақ пен саяси тұрақтылық сақталып отыр. Бұл біздің дамуымыздың жақсы көрсеткіші», деді атақты әнші, КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова.Қазақстанның халық жазушысы И.Щеголихин мәдениеті қамқорлыққа бөленген, өнері мемлекеттік назарға алынған елде шығармашылық өрлеу мен табыс әрқашан болатынын атап өтті.- Әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен еліміздегі экономикалық дамудың қарқыны бәсеңдеген қазіргі кезде, қоғамның рухани өзегін бұрынғыдан да гөрі күшейту өте маңызды. Бұл тек қана қазіргі күрделі кезеңнен өту үшін ғана емес, Қазақстанды дүние жүзіндегі қарқынды дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жағдайындағы қазақстандықтарды осы мақсатқа ойдағыдай жұмылдыру үшін де, Мемлекет басшысы алға қойып отырған міндетті шешу үшін де маңызды. Міне, осы жерде әдебиет пен өнер саласында өздерінің бүкіл саналы ғұмырын адамдарға жақсылық пен ізгілік, адалдық, патриотизм мен адамгершілік мұраттарын қалыптастырудағы біздің қадірменді қарияларымыздың рөлін бағалау аса маңызды мәселе, - деді Мемлекеттік хатшы.