ҚР Мемлекеттік хатшысы АҚШ-тың Елшісін қабылдады

Фото: None
ыздың 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландты қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастығын талқылады.

Қазақстандық-американдық әріптестікті дамыту сыртқы саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін айтып өткен Мемлекеттік хатшы, бүгінде екі ел арасындағы инвестиция тарту мәселесіне, «Болашақ» бағдарламасы аясында Қазақстан жастарының білім алуына, сонымен қатар жаппай қырып жою қаруын таратпауға байланысты жасалып жатқан қадамдардың маңыздылығына тоқталды.

«Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік хатшысымен екі ел арасындағы дамып келе жатқан  екіжақты қарым-қатынас мәселелері сөз болды.  Біз бүгіндегі Ауғанстан жағдайын, сондай-ақ жаппай қырып жою қаруын таратпау тұрғысындағы шараларды талқыладық. Атап айтқанда, Қанат Саудабаевпен аймақтық мәселелер бойынша кеңінен пікір алмастық»,-деді Ричард Хоугланд кездесуден кейінгі брифингте.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда АҚШ Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. 2008 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Бүгінде елімізде 100-ге жуық бірлескен кәсіпорындар мен 300-ге тарта американдық компаниялар жұмыс істейді.

 

Соңғы жаңалықтар