ҚР Мемлекеттік хатшысы бірқатар елдердің Елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады
Олардың ішінде Кения Елшісі Пауль К. Кургат, Македония Елшісі Дарко Ангелов, Эквадор Елшісі Альберто Чавес Савала, Джибути Елшісі Абди Ибрахим Абсиех, Лаос Елшісі Тхиенг Буфа, Жаңа Зеландиядан Хэмиш Купер, Австралиялық Пол Эндрю Майлер, Монакодан Эвелин Жанта сынды Елшілер бар.
Сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін екіжақты кездесулерде Қазақстан мен Кения және Эквадор арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегіне байланысты пікір алмасулар болды.
Атап айтқанда, Африка елдерінің Қазақстанға өзара іс-қимылы ғана емес, сонымен қатар саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалары бойынша қызығушылығының артып отырғандығы айтылды.
Осы кездесулер барысында елшілермен саяси-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың мәселелері кеңінен талқыланды.