Мемлекеттік хатшыға Ангола Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жаокин Аугусто де Лемуш, Аргентина Республикасының Елшісі Хуан Карлос Креклер, Эфиопия Демократиялық федерациясының Елшісі Мулат Тешоме сенім грамоталарын табыс етті.
Кездесу барысында Қазақстан мен аталған елдердің арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына қатысты мәселелер туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар Қазақстан мен басқа құрлықтардағы мемлекеттермен арадағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы күн өткен сайын жақсарып келе жатқан өзара ықпалдастық жағдайлары әңгіме өзегі болды.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, Қазақстанда жалпы ТМД мемлекеттері бойынша шетелдік инвесторлар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстанға тәуелсіздік кезеңде 150 млрд. долларға жуық шетелдік инвестиция түсті. Өткен жылдың өзінде ғана елімізге 20 млн. доллар көлемінде инвестиция құйылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.