Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Джон Ордвейге өз ілтипатын білдіре отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының дамуының жай-күйі мен перспективаларын, соның ішінде стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, мәдениет және білім салалары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады.
1993 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі - 24 млрд. доллар. Қазақстанда экономиканың жетекші салаларында 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Джон Ордвей 2004-2008 жылдары Құрама Штаттардың Қазақстандағы Елшісі болды, ал 2011 жылы елімізде АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі болып қызмет атқарды.