ҚР Мемлекеттік хатшысы облыс әкімдеріне полиция жұмысын жақсартуды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы міндетін уақытша атқарушы Ә.Жақсыбеков Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен бейне-селекторлық кеңес өткізді, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Іс-шараға сондай-ақ Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қатысты.

Кеңес барысында ішкі істер органдары аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу мәселелері талқыланды.

Кеңесте Ә.Жақсыбеков қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша рөлін атап өтті, сондай-ақ аумақтық полиция бөлімшілерінің жұмысын сапалық тұрғыдан жақсартуға бағытталған тапсырмалар берді.