ҚР Мемлекеттік хатшысы СҚО-да «Серпін» бағдарламасына қатысушылармен кездесті (ФОТО)

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Петропавлда жүрген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова "Серпін" республикалық бағдарламасына қатысушылармен кездесті.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға "Серпін" бағдарламасының белсенді қатысушылары шақырылды.

Оқу кезінде студенттер­ білімдерін ғана емес, спорттық жетістіктерін де көрсетіп үлгерді. Бүгін бұл ЖОО-да "Серпін" бағдарламасы бойынша 400-ден астам студент тегін білім алуда. Негізінен олар техникалық және педагогикалық мамандықтарды меңгереді.

ЖОО-да Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындары оқуда. Олардың білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Баспанамен қамтылып, ай сайын 16 мың теңгеден астам шәкіртақы алады.

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы аталған мемлекеттік бағдарламаның маңызын атады. «Бастысы - жақсы оқу. Мұнда тәжірибе жинақтай аласыздар. "Серпін" бағдарламасына қатысушыларды ары қарай "Болашақ" бағдарламасына тартады»,- деді Гүлшара Әбдіқалықова. СҚО-да барлығы 800-ден астам студент «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.