Оның атап өтуінше, еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бас ассамблеяның жалпы пікір таласында, БҰҰ-ның 1000 жылдық даму мақсаттарына арналған саммитінде аталған ұйымның Қарусыздану конференциясы жөніндегі жоғары деңгейлі кеңесінде, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қатысты министрлер бас қосуында, Ислам конференциясы ұйымы мен ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің үйлестіруші кездесулерінде сөз сөйлемек.
«Сонымен қатар Қ. Саудабаевтың бірқатар мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен екіжақты кездесулері жоспарланған», деді А. Әбдірахманов.