деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Конгресте сөйлеген сөзінде (толық мәтінді ҚР СІМ сайтынан алуға болады) Қ. Саудабаев Ұйымды нығайтуға талпынысын, фундаментальді қағидаттары мен құндылықтарына қалтқысыз берілгендігіне тоқтала отырып, Астананың ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басты қағидаттарынан хабардар етті. Президент Н. Назарбаевтің беделді халықаралық ұйымның дамуына жаңа серпін беретін шара ретінде ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы бастамасына Хельсинки комиссиясының қолдау көрсетуі маңызды екендігіне тоқталды. Комиссия төрағалары мен тең төрағалары сенатор Б.Кардин мен конгресмен Э.Хастингстің, Конгресс мүшелері Э.Фалемаваеги және Д.Айсса баяндамаларында Саммит туралы ұсыныстың мұқият қарастыруды және жүзеге асыруы қажет екендігі атап өтілді. Бұған қоса Саммитке қолдау ретінде екі ел Президенттері - Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ Конгресс мүшелері арнайы жолдау жіберілгендігі жария етілді. Ақ үй және Мемлекеттік департаменттегі кездесулерде қазақ-американ стратегиялық қатынастарының болашағы мен дамуы оның ішінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық аясындағы қатынастары сөз болды. Тараптар биыл сәуірде Ақ үй басшысы шақыруымен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық Саммитке қатысу мақсатында өтетін Президент Н. Назарбаевтың Вашингтонға сапары екі жақты қатынастарға жаңа серпін беретіндігі туралы ортақ пікірге тоқтады. Дж.Джонспен болған кездесуде Б. Обама әкімшілігі сыртқы саясатының маңызды мәселесі болып табылатын Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты екі ел ықпалдастығын дамыту мәселелері талқыланды. Ауғанстан мәселесі және өңірлік жағдай У.Бернс және Р.Холбрукпен болған кездесулерде де ерекше назарда болды.
Сол күннің аяғына қарай қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы құрметіне беделді американдық заң шығарушы мекеме, әкімшілік өкілдері қоғамдық-саяси қайраткерлер, Вашингтонда тіркелген дипломатиялық миссиялар басшылары қатысуымен қабылдау өтті.
Ақпанның 3-де сапар бағдарламасы аясында Қ. Саудабаев АҚШ Үкіметі басшыларымен кездесіп, осы елдегі ғылыми-зерттеу орталығы - Атлант кеңесінде «Еуразиядағы геосаясат» тақырыбында сөз сөйледі.