Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің айтуынша, Қ. Саудабаев шара барысында ГФР Вице-канцлері-Сыртқы істер министрі Г. Вестервеллмен, Бундестагтың басшылығымен, ГФР Мемлекеттік хатшысы Г. Вольфпен, ГФР бұрынғы Вице-канцлері Х. Д. Геншермен кездесуі жоспарланған. «Ресми сапар барысындағы жүздесулерде Қазақстан мен Германияның екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланатын болады», деді Е. Ашықбаев.