ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі М. Енчамен кездесті

;       АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат. Бүгін  Астана қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстанға  іссапармен келген, БҰҰ Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ  Өңірлік орталығының басшысы, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі  Мирослав  Енчамен кездесті,

деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Орталықтың алдағы жұмысы, шекара маңы, қылмыс, заңсыз көші-қон, есірткі тасымалдау, экстремизм, терроризм, су-энергетикасы  сияқты ынтымақтастық мәселелері және Орталық Азияда қалыптасқан жағдайлар сөз болды.

Еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына қатысты тараптар Ұйыммен БҰҰ арасындағы өзара байланыстардың болашағы турасында пікір алмасты.

         Өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның  Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі Орталығын ғаламдық терроризмге қарсылық  стратегиясына сәйкес БҰҰ-ның қақтығыстардың алдын алу саласындағы әлеуетін арттыруға қатысты    БҰҰ Бас хатшысы құрған болатын.