Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында аталмыш ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысы Ұйымға Қазақстанның төрағалығы аясындағы алғашқы ресми жиналыс болып табылады. Жиын барысында сөйлеген сөзінде Қ. Саудабаев ұйымның жаңа жетекшісі болып табылатын Қазақстанның төрағалық кезіндегі басымдықтарын жариялайды деп күтілуде. Тұрақты Кеңес отырысынан бөлек Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ құрамындағы ресми институттар және аймақтық миссиялардың басшыларымен, сондай-ақ Ұйым қызметінің түрлі салаларындағы атқарушы төрағаның жеке өкілдерімен кездесулер өткізеді деп жоспарланған», деді А. Әбдірахманов.