ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері пара алу үстінде ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кедендік зертханасы» ӨММ бас маманы 150 мың доллар пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана бойынша департаменті мұнай өнімдері сараптамасына оң қорытынды бергені үшін жеке кәсіпкерден 150 000 АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде ҚР МКК Орталық кеден зертханасының  бас  маманы А.Б. Агубаев ұсталды», - делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Астана ІІД УҰИ-ға қамалды. Соталды тергеу жүргізілуде.