ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
15:26, 06 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.