Байқау биыл жеті лауазым бойынша 2012 жылғы 9 тамыз күні жарияланған.
Ең көп үміткер Инспекция және бақылау бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету ісін бағалау және бақылау секторының сарапшысы лауазымы (66 кандидат) және Қызметкерлер құрамын басқару, құжаттық қамтамасыз ету және қадағалау бөлімінің бас сарапшысы (42 кандидат) лауазымдары бойынша құжат тапсырды.
Конкурстың алғашқы кезеңіне жіберілген барлық кандидаттар құжаттарды қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні аралығында Қазақстан заңнамасы бойынша білімін тексеру бойынша міндетті түрде компьютерлік тестілеуден өтеді.
Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу тәртібін жетілдіру және оның ашықтығын арттыру мақсатында конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне -кандидаттармен әңгімелесуге бақылаушы ретінде қатысуға қоғам және БАҚ өкілдері шақырылады. Тестілеу мен әңгімелесуді өткізу мерзімі мен уақыты Агенттіктің веб-сайтында жарияланады.