«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау және жаңғырту» атты Еуропалық Одақ жобасын іске асырудың белсенді кезеңі басталды. Жобаның бірінші компоненті Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы шеңберінде заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде агенттікке сараптамалық қолдау көрсетуді қамтиды»,-делінген аталған агенттіктің мәліметінде.
Таяуда жоғарыда айтылған жобаның аясында агенттікке Болгариядан құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы Георгий Стойменов келді. Сарапшының келу мақсаты - «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды әзірлеуде консультативтік қолдау көрсету және осы мәселені талқылау жөніндегі жиындарға қатысу.
Бұдан бөлек, Агенттіктің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры А.Хайдаровтың сарапшы Г.Стойменовпен кездесуі өтті. Кездесу барысында заңды әзірлеудің негізгі бағыттары талқыланды.